М.Мәметова ОМ
14 Наурыз елімізде Амал мерекесі, яғни Көрісу күні тойланады. Өзге өңірлер үшін таңсықтау көрінгенімен, бұл мерекенің жалпы қазақ үшін маңызы да бір һәм биік. Себебі аталмыш мерекеде қалың жұртшылық бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болып қана қоймай, егер көңілінде қалған өкпе-реніші болса, оны ұмытып, бір-бірімен татуласады. Сондықтан да шығар, өңір халқы үшін «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Қайырлы жас болсын!» деп тілек айту – сол 14 Наурыз күні игі дәстүрге айналған. Жылдан аман