Мектеп туралы » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Маметова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2019

Мектеп туралы

Мектептің өткені, бүгінгі күнімен ертеңі

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, әлемдік деңгейге көтерілуі бүгінгі саналы ұрпақтың қолында екені белгілі. Сол ұрпақтың санасы, рухы, сапалы біліммен, үлгілі тәртіппен дамиды.
Мектеп өмірі, мектеп тынысы қайнаған қызу еңбектің, игілікті істердің жемісі. Білім ошағы жыл сайын құшағынан түлектерін түлетіп ұшырып, саруыз бүлдіршіндерді қабылдап отырады. Құшағын кең жайған білім ошағының өткенімен бүгінін ой елегінен өткізіп, өмірдегі қымбат есімдерді еске түсіреміз.(Бұл күнде ол адамдардың кейбірі өмірден озды, кейбірі әлі де еңбегін сіңіруде.) Мектеп өмірінің тыныс – тіршілігін танып білу бүгінгі ұрпақтың парызы болмақ.
Алғашқы халық ағарту саласында жылдар бойы қызмет жасаған, Құйқанов Арын Дәуренбекұлы 1906 жылы қазіргі Көктерек ауылы аймағында Қарақұдық елді мекенінде туып, Капалдаға қазақ – орыс мектебінен дәріс алып, ауылда мектеп ашып, білім саласында өшпес із қалдырды. «Қазақ халқын көгертем, жастардың көзін ашамын» - деген, болашақ қазақ жастарын тәрбиелеуге үлес қосқан ағартушы Дәуренбекұлы Арын 1930 – 1933 жылдар аралығында Ақсу, Бөрлітөбе ауданында халық ағарту бөлімінде басшысы, 1933 жылы Романовка селосында мектеп директоры қызметін атқарды.
1934 жылы Қарағанды облысы және Алматы облысының территориясы өзгертілуіне байланысты Балхаш көлінің солтүстігі Қарағанды облысына, Аягөз өзенінің оңтүстүгі Алматы облысына қарады. Сол жылы Ақсу ауданына қараған Көктерек ауылдық округі Бөрлітөбе ауданы орталығы Лепсі станциясына ауысты 1942-1943 жылдарда аудандық білім бөлімінің басшысы Жақсыбеков Ақылбай және оқу ісінің үздігі, Моңғол халық Республикасының білім жүйесін құруға қатысқан Кенбаев Садық болды.
Қазіргі Романовка селосы аумағынан Ворошилов қолхозы, тың жерден М.Горький атындағы колхоздары құрылды. М.Горький атындағы қолхоздың орнын белгілеген адамдар Әмірханов Сүлеймен, Мәңкішев Иманғали, Жүнісов Жамбол, Шоқатов Тұрахмет, Құмаров Шерияздан. Ал, Ворошилов колхозында 1944 – 1945 жылдары алғашқы мектеп директоры Бораншинов Әбілғазы, 1945 – 1950 жылдары мектеп директоры Әбішев Көшбай болды. Сол жылдары мектепте Әбетеева, Койжанов Шәріпбек, Жүнісов Ендібай, Кенбаев Садық деген ұстаздар қызмет етті. 1949 - 1950 оқу жылы мектеп жабылып, М.Горький атындағы колхозға көшіріледі.
М. Горький атындағы 1941 жылы мамыр айынан бастап салына бастайды. Ұлы Отан соғысының басталып кетуі салдарынан мектеп құрылысы тоқтап қалады. Мектеп қабырғасы аяқталмағандықтан темір – ұстасы Әмірханов Ысқақтың Лепсі өзені жағасындағы, көпірдің қасында орналасқан ұста дүкеніне үстел, орындық қойылып алғашқы оқушыларды қабылдайды. Олар, Балабатыров Наурызбай, Рахымжанова Шәкен, Нүпбаева Нұрбану, Баймұқашева Сәкен, Бағжаева Нұркамал, Молдасова Алтынбала. Оқушылардың ең алғашқы ұстазы 1941 – 42 оқу жылында Шыңғысов Рахымжан, 1942 – 43 оқу жылында Тоғамбеков Есімбек, Нұрпейісов Есімбек деген ұстаздар болды. Бұл кісілер соғысқа аттанып, соғыста қаза болды.
1956 жылы жаңа жерден 7 жылдық мектептің және колхоз конторасы құрылысы басталып, осы жылдың 7 – ноябрь мейрамына қарсы колхоз басқармасының конторасы аяталды. Ал, мектеп құрыслысы 1957 жылдың мамыр айынан қайта басталды. Колхоз басқармасы Бәкібаев Қордабайдың тапсырмасымен әрбір актив 1000 кірпіштен, әр отбасы 500 кірпіш құюға тапсырма алды. Ғимарат кірпішінің көп бөлігін Лопатин Леонид және жұбайы Мотя, Ахмет ақсақал құйды. Лепсі станциясынан Лангер деген құрылысша – маман, бригадасымен шақырылды. Ауылдан құрылысқа жастар, мамандар және мұғалімдер тартылды. Қабырғаны қалау жұмыстарын құрылыс бригадасы қалады. Сылақ жұмыстарына белсенді қатысқандар Тотықұс, Алтын, Бәти, Төпен деген кісілер болды. Ағаш шебері болмағандықтан есік, терезе салуды құрылысшы - шебер Сабитов Ташболат өз мойнына алды. Мектептің жылу жүйесін, «Контромарка» пештерін Кенбаев Садық, Кнорр Владимир, Мейірманов Қайдалы қалады. 1957 жылдың 1 – қыркүйегінде мектептің қабырға сылақ жұмыстары өнбей, мектеп ішіне от жағылып, сылақ жұмыстары жалғасты. Тек, 1958 жылы ІІІ тоқсанда, яғни 10 – қаңтар күні М.Әуезов атындағы мектеп есімі беріліп, ашылу салтанаты болды. Мектепке жаңадан жиһаз, парта, орындық, тақталар және оқуға әдістеме құралдары берілді. Кейін оқушылардың көбеуіне байланысты қосымша бастауыш сыныптарына арналған ғимарат салынды. 1957 жылдың жаз айларынан бастап мектептің көгалдандыру жұмыстарын агроном Асылханов Дініслам, сушы Тұржанов Құрманғали жүргізді. Көшеттер егу жауапкершілігі мектеп директоры Жүнісов Ендібай және жоғарғы сынып оқушылары орындады.
1972 жылдары ауылымызға М. Горький атындағы қой совхозы статусы берілді. Совхоздың әлеуметтік – экономикалық жағдайы жақсарып, дамыған кезінде ауыл тұрғындар саны да көбейді. Совхоздың мал шаруашылығындағы алдыңғы қатарындағы жұмысшысы Сәрсембаева Қанипа Талдықорған облысының атқару комитетінің депутаты болып сайланды. Депутаттар жиынында оқушылардың саны артуына байланысты, ауылымызға жаңа үлкен мектеп қажеттілігін айтып, 1980 жылы Облыстық атқару комитеті 624 орындығы бар, мектеп салуға қаражат бөлуге ықпалын жасады. 1981 жылы маусым айында жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысын Бөрлітөбе ауданының № 2314 ПМК бригадасы жүргізді. 1983 жылы 26 – қазан күні ашылу салтанаты болды. Мектептің маңайын көгалдандыру, көшеттер егу жұмыстарын мектеп директоры Дөсембеков Қажыбай бастама жасап, осы күнге дейінгі мектептің түлектері өсіп, өнуіне өз үлестерін қосып жүр.
Ауылымыздың ортасында орналасқан мектеп қабырғасы 35 жылдан астам мыңдаған түлектерін ұшырып, шәкірттерін тәрбиелеп отыр. 2000 жылы мектеп шатыры ауыстырылып, 2014 жылы толық күрделі жөндеуден өтіп, барлық керекті жиһаздармен қамтылды. Оқушыларға заман талабына сай білім алуға көрнекі құралдармен, компьютерлік жабдықтармен толықтырылды. Мектеп ғимараты аулымыздың ажарын ашып, жаңа бет - бейнесі ауылдастарымыздың көздеріне көрік беріп, жан – жақта жүрген түлектеріміздің көңілдерін аулап, үлкен қуаныштарына айналды.











Мектеп директорлары:

-Шыңғысов Рахымжан,
-Әбішев Көшбай,
-Көпбаев Байбол,
-Құсайынов Диқамбай,
-Үрімбаев Бөшібай,
-Нұрлыбек Исаев,
-Ендібай Жүнісов,
-Кенбаев Садық,
-Долаев Садырбай,
-Бесбаева Бақытжамал,
-Жаппаров Хамит,
-Ршымбетов Нұртай,
-Құрманғалиев Демесін,
-Дүйсембеков Қажыбай,
-Ахметжанов Төлегетай,
- Махамбетов Хамит,
-Оңалбаев Болатхан,
-Мұхаметов Жұмаділ.






























Оқу ісінің ілгері басуына аянбай еңбек етіп, өшпес із қалдырған ұстаздар:
1.Абдильдаев Бекмұрат
2.Абдрахимов Жаппар
3.Акбакирова Гүлнар
4.Акибаева Бахыт
5.Арғынбаева Ғайникамал
6.Архабаев Қалкен
7.Архабаева Баян
8.Асылбеков Жансерік
9.Атайбеков Әкімжан
10.Аталықова Арайлым
11.Аталықова Гүлім
12.Атыманова Ақбаян
13.Ахметов Болатхан
14.Аязбаева Алтыншаш
15.Әбиев Шойгелді
16.Әбильдинова Жанна
17.Әмірова Нұргүл
18.Әтетиев Жолжақсы
19.Бағжаева Елемес
20.Байбаба Сейдахмет
21.Балабатыров Наурызбай
22.Баталова Бағдат
23.Бедельбаева Жакетай
24.Бедельбаева Лязат
25.Бекқожанова Мәрзия
26.Берсігүрова Жасқайрат
27.Бозаева Хамет
28.Бөлебаев Дүйсенбек
29.Бөлебаев Жексенбек
30.Бөлебаева Аскерия
31.Бөлебаева Гүлмайра
32.Бөлебаева Кулай
33. Далбағаев Есімхан
34.Дукенова Бағила
35.Дулатов Жұмаділ
36.Дүйсенбеков Қажыбай
37.Ерболғанов Нұрбек
38.Ержанова Жақсылық
39.Есмағамбетова Кенже
40.Есімбекова Үміт
41.Есімханова Күлсінхан
42.Ешмұхамбетов Бітімбай
43.Жақсыбекова Үмітжан
44.Жаманбалина Күлтай
45.Жаппарова Шарида
46.Жұбашева Әділет
47.Жүнісов Серік
48.Зубаршаева Әділет
49.Имангельдина Шынар
50.Иманғожанов Әлімбай
51.Инкарбаев Бейсет
52.Какимов Тілеукен
53.Калимолдин Совет
54.Катчибаева Рая
55.Кенбаев Жағыппар
56.Кенбаев Тілеужан
57.Кенбаева Төлеухия
58.Кенбаева Шошатай
59.Куленова Нұргүл
60.Қалижанова Нүргүлғасыл
61.Қалтаева Арман
62.Қалыбекова Гүлғайша
63.Қауымбаев Жұмаділ
64.Қауымбаев Жұматай
65.Қойжанов Хамит
66.Қойжанов Шәріпбек
67.Құмаров Бұркіт
68.Құмарова Жанна
69.-Құмарова Фарида
70.Құрманғалиев Өмірәлі
71.Құрманғалиева Әлия
72.Құрманғалиева Гүлдариға
73.Құсайынов Ысқақ
74.Құсайынова Мақыш
75.Құттыбаева Айнагүл
76.Майемгенов Нұрқұмар
77.Махамбетова Сағат
78.Муралинов Шорман
79.Муралинова Дания
80.Мұқашев Есенасыл
81.Мұхаева Нағима
82.Мұхаметқалиев Жәнібек
83.Мұхаметқалиева Жарқын
84.Мырзагулова Дінаш
85.Оқасова Даниша
86.Оқасова Есжан
87.Омаров Ерлан
88.Оңалбаев Беделхан
89.Оразбаева Айгерім
90.Ршымбетова Әдемі
91.Садыкова Мәдіхан
92.Садықов Бахыт
93.Серғазина Балжан
94.Серғазина Гүлжан
95.Серғазина Света
96.Сиғабатова Гүлғайша
97.Смагулова Сәуле
98.Сүлейменов Алдаберген
99.Темірғалиев Данияр
100.Тұрғанбекова Анар
101.Тұрымбекова Кенжегүл
102.Шомаханов Абай
103.Шомаханова Айгүл
104.Ыбынова Алтынбала

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив