М.Мәметова ОМ » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Маметова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2022

М.Мәметова ОМ

Мектепте «Тәуелсіздік күнін» мерекелеу жоспары алдын ала құрылып, бекітілді.Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге үйрету мақсатында сыныптар бойынша ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

 1-сынып жетекшісі М.Жумахагова  «Тәуелсіз елім – Қазақстан» 2- сынып жетекшісі К.Альдекенова «Тәуелсіздікке 31 жыл», 3- сынып жетекшісі Э.Асылбекова  «Елімнің бақытын тербетке тәулсіздік», 4- сынып жетекшісі А.Бейсембекова «Тәуелсіздік тұғырым»,  тақырыбында өткізген  сынып сағатыры талапқа сай өтті. Оқушыларды Қазақстан Республикасының 31 жыл ішіндегі жеткен табыстарымен таныстырып, Тәуелсіздіктің мәнін тереңінен ашып көрсетті.

Оқушыларға желтоқсан жұлдыздарының ерлігі туралы, Отаны үшін жанын құрбан еткен еліміздің ұл-қыздарының ерлігі туралы түсінік берілді. 

 5-сынып жетекшісі  Б.Сергазин  «Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік»  тақырыбында өткізген сабағы өте қызықты өтті. Сабақ интерактивті тақтамен слайд көрсетуден басталды.Желтоқсан оқиғасына қатысты суреттерден бастап, Астананың бүгінгі көркеюімен сабақ аяқталды.Сонымен қатар барлық сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді. Мектебіміздегі мектепалды даярлық тобының кішкентай бүлдіршіндері де Тәуелсіздікке өз үлестерін қосуда.Олар да «Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Отан туралы өлең, тақпақтарын арнап, өнерлерін ортаға салды.

    Мектеп кітапханашысы Қасенова Г. кітапханада кітап көрмесін ұйымдастырды.Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған арнайы бұрышқа желтоқсан оқиғасы туралы жазылған мақалалар, кітаптар,буклеттер, желтоқсан жұлдыздарына арнап жазылған өлеңдер қойылды. Жоғарғы сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарды. Мереке қарсаңына орай «Тәуелсіздік  - мәңгілік елдің тұғыры» атты іс-шара өтті.  К.Т.Касымбаева мектеп директоры мерекелік шараны құтықтау сөзімен бастады. Мерекелік кешке көктерек ауылдық округының әкімі С.Сұмағұлов және ауыл тұрғындары шақырылды. Шара барысында  желиоқсан оқиғасының куәгері С.Сағат тәтемізде шақырылды. Кеш қонақтары жүрек жарды тілектерін білдіртіп көзбен көрген оқйғаларымен бөлісті. Мерекелік кеште бастауыш сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыса, жоғарғы сынып ән айтып би-биледі.  Желтоқсан құрбандарын еске алды. Тәуелсіздігіміздің  30 жылдық мерей тойы қарсаңында  М.Мәметова орта мектебінің 5– сынып оқушылары  «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдады.  Ұйымға қабылданған оқушыларымызға көк галустыкпен пилотка , төс белгі табыс етілді.

     Бейнелеу пәнінің мұғалімі Е.Сергазин жетекшілігімен «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жақсы салынға суреттер әлеуметтік желіге жүктелінді. 



Похожие публикации:

25 октябрь 2022 М.Мәметова ОМ
16 февраль 2023 М.Мәметова ОМ
12 октябрь 2022 М.Мәметова ОМ
19 сентябрь 2022 М.Мәметова ОМ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив