Іс-шаралар » Страница 3 » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Маметова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шын жүректен алғыс"
02
март
2020
"Шын жүректен алғыс"
2020 жылдың 02 наурыз күні М.Маметова атындағы орта мектебінде Алғыс күні мерекесіне орай "Шын жүректен алғыс" атты тақырыпта сырласу сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды рухани байлықтың көзі - алғыс сөздерімен таныстыру, алғыс сөздерің адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы келісімге жақсы әсер ететініне көздерін жеткізу, терең ойлау қабілеттерін дамыту.
"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
02
март
2020
"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
2020 жылдың 28 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектебінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты тақырыпта әдеби сазды кеш өтті. Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде жас ұрпаққа таныту, жастардың бойына сіңіру.
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
02
март
2020
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
2020 жылдың 11 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен ғасыр ақына М.Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты шығармашылық кеш өткізілді. Мақсаты: М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялау арқылы поэзияны сүюге оны бағалай білуге сыршыл да, шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, оқушының рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
"Абай дана, Абай -дара қазақта"
27
февраль
2020
"Абай дана, Абай -дара қазақта"
2020 жылдың 20 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектебінде 4-сынып жетекшісі Э.Асылбекованың ұйымдастыруымен ұлы ақын, философ, композитор, қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Абай дана, Абай-дара қазақта" атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ұлы ақынның өмірбаяны, өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, әндерін, өлеңдерін оқ ушылардың санасына сіңіру.
"Ауғанның от жалыны"
27
февраль
2020
"Ауғанның от жалыны"
2020 жылдың 21 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектебінде АӘД пәнінің мұғалімі Б.Асқарбековтың ұйымдастыруымен "Ауғанның от жалыны" атты тақырыпта әскери - патриоттық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға ауған соғысының ардагері Сергазин Бағдат Казезұлы қатысып, жастарға ауған соғысы туралы ақпараттарымен бөлісіп, өзінің жас ұрпаққа деген ізгі ниетін білдірді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп, спорттық додаға қатысты. Мақсаты: жастарды ауған соғысының ардагерлерін
Назад 1 2 3 Вперед